Қазақстанда найзағай, қатты жел және төтенше өрт қаупі болуы мүмкін
Синоптиктердің болжауынша, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында, облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының шығыс жартысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстік-шығысында күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың шығысында жел екпіні –15-18 м/с.
Түнде Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында жел екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыс орталығында және солтүстігінде батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі бар. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі сақталады.