Жаңалықтар тізбегі
0

Динара Сәдуақасова Тоқаевқа өзінің «Шахмат ойнап үйренейік» кітабын сыйлады

Динара Сәдуақасова, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 15:39 Сурет: akorda.kz
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде гроссмейстер Динара Сәдуақасова да болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Динара Сәдуақасова Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазан айында Республика күнін мерекелеуге орай елордада шахмат турнирін ұйымдастыру жоспары туралы айтып берді. Сонымен қатар ол президентке өзінің «Шахмат ойнап үйренейік» кітабын сыйға тартты.

Шахматшыларға деген ілтипатыңыз үшін алғыс білдіремін. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Сізге Нұр-Cұлтан мен Атыраудағы шахмат академиясының жұмысы туралы айтып беруге рұқсат етсеңіз. Онда қазір 1500 бала оқып жатыр. Түрлі турнир де ұйымдастырылады, – деді Динара Сәдуақасова.

Айта кетейік, Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер – Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов шақырылды.

Мемлекет басшысы танымал шахматшы қыздарға ілтипат білдіре отырып, бұл ойынға ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның әйелдер құрамасы алдағы уақытта Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табысты өнер көрсететініне сенім білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: