Тоқаев мектеп бағдарламасына шахматты факультативтік пән ретінде қосуды қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпаратты Ақорданың ресми сайты жариялады.
Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер – Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов шақырылды, – делінген ресми хабарламада.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz
Президент мектеп бағдарламасына шахматты факультативтік пән ретінде қосу, Алматыда 1500 балаға арналған шахмат пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салу жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кәсіпкерлер тарапынан шахмат спортын дамытуға қолдау көрсетудің маңызды екеніне баса мән берді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат саласын дамытуға бұдан былай да қолдау көрсететінін атап өтіп, жас спортшыларға халықаралық аренада жаңа табыс тіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз