Президенттің 21-24 маусымға арналған іс-шаралар жоспары жарияланды
![Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2022 11:37](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-9066da79-0424-4931-954b-29ee8ae0c2c9/800x451.webp)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс жоспары туралы Telegram-дағы БОРТ N1 каналы бөлісті. Осы аптада президент Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы аптада Президенттің қатысуымен өтетін іс-шаралар:
21 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматистермен кездеседі.
23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады.
24 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі «БРИКС+» диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript