Қарағандыда көмір қоймасы өртке оранды

Қарағанды, өрт, көмір қоймасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 11:17 Сурет: видеодан скриншот
Қарағандыда таңертең көмір қоймасы жанып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өртеніп жатқан қойманың видеосы Instagram парақшаларының бірінде жарияланды.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментіне сауал жолдады, ведомство Қарағанды қаласындағы Чайкин көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама 06: 43-те түскенін мәлімдеді.

Өрт 07:45-те ауыздықталды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 27 адам мен алты техника жұмылдырылды. Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: