Доллар бірден 10,45 теңгеге өсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 464,81 теңге болып, бірден 10,45 теңгеге көтерілді, деп хабарлады Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа бағамы 66,10 теңгеге (+0,67) дейін өсті.
Ресей рублі де өсіп жатыр, ол 0,35 теңгеге көтеріліп, 8,75 теңге болды.
Кешегі сауда қорытындысы бойынша еуроның орташа сараланған бағамы 476 теңгеге жетті.
Ақша айырбастау орындарында долла 464-470 теңге, еуро – 490-498 теңге, рубль-7,8-8,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу
0
Толық оқу