Nike компаниясы Ресейден бүтіндей кететінін мәлімдеді

Санкция Сурет: pixabay
Аяқ-киім мен киім өндірушісі Nike компаниясы Ресейден бүтіндей кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты компания өз сайтында жариялады.

Nike Inc.компаниясы Ресей нарығынан кету туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Nike.com сайты мен Nike мобильді қосымшасы бұл өңірде бұдан былай қолжетімді болмайды. Жақында Nike дүкендері уақытша жабылған, енді ашылмайды, делінген хабарламада.

Компания ресейлік тұтынушыларға тауарларды жеткізуде кепілдік бере алмауына байланысты наурыз айының басында Ресейде онлайн-сауданы тоқтатты, бірақ Nike франчайзингтік емес дүкендері өз жұмыстарын жалғастыра берді. Ел аумағында барлығы компанияның 116 монобрендті дүкені жұмыс істеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз