Жерар Пике "Барселонадан" кететінін және мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Футбол, "Барселона", Жерар Пике, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 14:19 Сурет: Instagram/3gerardpique
"Барселонаның" 35 жастағы қорғаушысы Жерар Пике испан футбол клубынан кететінін және мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболшының айтуынша, оның барлық бала кездегі армандары орындалған. Ол енді "осы сапарды аяқтайтын кез келді" деп шешіпті.

Мен Барселонадан соң басқа команда болмайтынын үнемі айтып келемін. Бұл сенбідегі ойын менің "Камп Ноудағы" соңғы ойыным болады. Жерар Пике

Жерар Пикенің ақырғы ойыны Испания чемпионатындағы "Альмерияға" қарсы ойыны болмақ. Ол 5 қарашада Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: