Мамандар қандай сүт денсаулыққа зиян екенін айтты
Кейде түрлі өнімді қолданған кезде қарапайым ережелерді ұмытып кетеміз. Мысалы, пакеттегі жарамдылық мерзіміне қарамай ала салуымыз мүмкін. Сондықтан жарамдылық мерзімін тексере жүріңіз, – деді департамент мамандары.
Мамандардың айтуынша, сапасыз сүт пен сүт өнімдерін пайдалану бірқатар аурудың пайда болуына әкелуі мүмкін. Біріншіден, өткір ішек инфекциясы, өйткені сүт және сүт өнімдері тез бұзылатын өнімдерге жатады және қоздырғыштардың тез көбеюіне қолайлы орта болып саналады. Сонымен қатар ауруға шалдыққан сиырлардың шикі сүті арқылы адамға бруцеллез, туберкулез және аусыл сияқты қауіпті инфекциялар берілуі мүмкін.
Жіті ішек және қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында санитариия дәрігерлері мынадай кеңес берді:
сүт және сүт өнімдерін белгіленген орындарда, тоңазытқыш жабдығы бар, өнім және оны дайындаушы туралы ақпарат болған жағдайда сатып алу керек;
өнімдерді ветеринариялық-санитариялық құжаттарсыз өткізетін жеке тұлғалардан, белгіленбеген орындарда сүт және сүт өнімдерін сатып алмау керек;
сүт және сүт өнімдерін дайындаушы белгілеген сақтау шарты мен жарамдылық мерзімін сақтауға міндетті;
шикі сүтті қолданар алдында қайнату керек;
Сонымен қатар санитария дәрігерлері сүт сатып алғанда оның сыртқы түріне ерекше назар аудару керек екенін еске салды. Қаптама ісінген немесе зақымданған, әсіресе қақпағы ашық болмау керек.
Ашылған қаптама өндіруші көрсеткен сақтау шарттарына сәйкес сақталуға тиіс. Сүт ашылған күйінде ұзақ тұрып қалса немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда оның дәмі мен иісі өзгермеген болса да, оны қолдануға мүлде болмайды. Алматы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары