Күн күркіреп, жауын жауады: 25 маусымға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК, ауа райы болжамы Сурет: unsplash
«Қазгидромет» РМК 25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды: бұл күні республика бойынша жел күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. «Қазгидромет» РМК

Нұр-Сұлтан қаласы: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +34+36°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +29+31°С болады.

Шымкент қаласы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +19+21°С, күндіз +37+39°С болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстік-шығысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу, Алматы, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Ұлытау, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Күндіз Ұлатау облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай, Алматы облыстарының батысында, Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау ауданының оңтүстік-батысында, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз