Күн райы құбылмалы болады – «Қазгидрометтің» 28 маусымға арналған болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте, шығыста және оңтүстікте дауыл тұрады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Барлық өңірде жел күшейеді. «Қазгидромет» РМК
Күндіз Абай, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстікте, Ақтөбе облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында – төтенше өрт қаупі бар, – деп хабарлады синоптиктер.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді: 28-30 маусымда республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.