Жаңалықтар тізбегі
0

Гарет Бэйл «Лос-Анджелес» MLS клубы қатарына өтті

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2022 14:46 Сурет: Twitter/Gareth Bale
"Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Гарет Бэйл ресми түрде "Лос-Анджелестің" ойыншысы атанды. Ол бұл клубпен бір жылға келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 32 жастағы футболшы Twitter-де жазды.

Ол өз парақшасында клубтың жейдесі мен мөртаңбасы бар бейсбол қалпағымен түскен суретін жариялады.

"Лос-Анджелесте" кездескенше, делінген оның жазбасында.

1 маусымда Бэйл 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келген Реал Мадрид сапынан кететінін жариялады. БАҚ-та Гарет Бэйл Лос-Анджелес ФК-мен бір жылға келісімшартқа отырады деген ақпарат пайда болды. 2020/2021 маусымдарын ол "Тоттенхэмде" өткізді, жалға алу құқығы бойынша. Шабуылшының испандықтармен келісімшарты осы жылдың 30 маусымында аяқталады.

Бэйл "Реалдан" тәуелсіз агент ретінде босап шықты. Мадрид клубында ол тоғыз жылын өткізді. Мадридтіктер құрамында ол 258 матч өткізіп, 106 рет гол соққан. Бірақ өткен маусымда ол өз командасы үшін тек бес матчқа қатысып, бір гол соқты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: