Жаңалықтар тізбегі
0

Маймыл шешегін әлемде қанша адам жұқтырды – ДДСҰ статистикасы

ДДСҰ, маймыл шешегі, Еуропа, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2022 10:10 Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маймыл шешегі жөніндегі комитеті сырқаттың таралуы халықаралық деңгейде алаңдайтын төтенше жағдай емес деген тоқтамға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2022 жылдың басынан бері 50 елде маймыл ауруының зертханалық расталған 3413 жағдайы тіркелгені және бір адамның осы сыртаққан қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты, деп жазды ТАСС.

2022 жылғы 1 қаңтары мен 22 маусымы аралығында ДДСҰ-ға ДДСҰ-ның бес аймағында орналасқан 50 елден 3413 адам маймыл шешегін жұқтырғаны және бір адам осы дерттен қайтыс болғаны туралы хабарланды.ДДСҰ

10 күн бұрын сегіз елде тағы 1310 адамнан инфекция анықталды.

Маймыл шешегін жұқтырғандардың көпшілігі (86%) Еуропа аумағында тіркелді. Одан кейінгі орында Америка (11%), Африка (2%), Шығыс Жерорта теңізі (1%-дан аз) және Азия-Тынық мұхиты (1%-дан аз).

Маймыл шешегін Ұлыбританияда көп таралды, онда 793 адам маймыл шешегін жұқтырды, сонымен қатар Германияда (521), Испанияда (520), Португалияда (317), Францияда (277), Нидерландыда (167) және АҚШ-та (142) таралды. Нигерияда бір адам осы дерттен қайтыс болды.

ДДСҰ эпидемиологиялық жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді. Маймыл шешегінің эндемиялық емес елдерінде инфекция негізінен жақында «жаңа немесе бірнеше серіктестермен» жақын қарым-қатынаста болған ерлерде кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың жаһандық таралу қаупін орташа деп санайды. Маймыл ауруы комитеті 23 маусымда Женевада өткен отырысында індет қазіргі уақытта халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай емес деген қорытындыға келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: