Африкада жарты жылда маймыл шешегінен шамамен 70 адам көз жұмды
![Маймыл шешегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2022 23:43](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-cdc57e1b-67b1-4e21-8973-452aa7eabaf6/800x451.webp)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының жетекшісі Розамунд Льюис қайғылы жағдай Африканың бес елінде тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл - жаңа ауру емес, бірақ аурудың таралуында жаңа контекст бар. Біз жағдайды қадағалап, Африкада да, одан тыс вирус жаңадан анықталған мемлекеттерде де оның ары қарай таралуының алдын-алу жолдарын және ол үшін қандай шаралар қолдану керектігін түсіну үшін жұмыс істеп жатырмыз, - дейді ТАСС Розамунд Льюистің сөзін келтіріп.
Бұған дейін ДДСҰ 1 маусымдағы жағдай бойынша әлемде 30 елде, соның ішінде Еуропада, Австралияда және Солтүстік Америкада маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы анықталғанын мәлімдеген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript