Маймыл шешегін қайта жұқтыру қаупі бар – ДДҰ

медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 13:26 Сурет: pixabay
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис адам иммунитеті шешекті қайта жұқтырудан толық қорғана алмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз Батыс Африкада маймыл шешегімен ауырған дәрігердің кейінірек қайта вирус жұқтырғанына куә болдық. Иммунитет індетті қайта жұқтырудан 100% қорғай алмайды, – деді ДДҰ шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис.

Дегенмен Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі таралуының алдын алуға болатынын мәлімдеп отыр. Мамандар науқастарға үйде оқшаулануға кеңес беріп жатыр.

Айта кетейік, бүгінде маймыл шешегі 27 елде анықталды. Бұл мемлекеттер негізінен Еуропа мен Солтүстік Америкада орналасқан.

Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ, деп – хабарлады Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: