Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қошанов: Бізге тұрақты, әділ және болжамды салық жүйесі қажет

Мәжіліс отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 15:12 Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
Бүгінгі талқылау – жаңа салық жүйесін қалыптастыру жолындағы стратегиялық міндеттерді шешудегі үлкен бірлескен жұмыстың бастамасы. Бұл туралы «АMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов салық заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған жиында атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы алға қойған басты міндет – тұрақты және болжамды салық жүйесін қалыптастыру. Яғни, нақты тапсырма берілді. Ол – салық заңнамасын негізгі параметрлерге сәйкес тұрақтандыру. Бұл, ең алдымен, бизнесті қолдау, оның салық ережелерінің үнемі өзгертілуі салдарынан зардап шекпеуі үшін қажет. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов

Ерлан Қошанов Үкіметтің қосылған құн салығы (ҚҚС) және корпоративтік табыс салығы (КТС) мөлшерлемелерін арттыру туралы ұсынысына түсінік бере отырып, тұрақтылық көлемде емес, ол орта мерзімді инвестициялық кезеңге, мәселен, кемінде үш жылға арналған мөлшерлемелердің тұрақтылығын білдіретінін атап өтті. Бұл инвесторларға да, кәсіпкерлерге де түсінікті болар еді.

Партия төрағасы салықтық әкімшілендіру үдерісін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігіне де назар аударды. 

Сонымен қатар Ерлан Қошанов салық салудың сервистік моделіне тоқталған алымдар мен төлемдердің көпшілігі автоматтандырылып, проактивті форматта жүзеге асырылуға тиіс екенін айтты. Бұл ұзаққа созылып келе жатқан салық жүйесін цифрландыру аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Салық заңнамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 15:12

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Біз бұл туралы бірнеше жылдан бері естіп келеміз. Бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ. Ең алдымен цифрлық технологияларға негізделген салық салудың ашықтығына, қарапайымдылығына және салық органдарының тұтынушыға бағдарланған қызметіне ұмтылуымыз керек, – деді партия төрағасы.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсінов те қатысты.

«Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы  Райымбек Баталов депутаттар алдында салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі палата ұсыныстарын ортаға салды. «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының өкілі Роман Юртаев салық жүйесінің тұрақтылығы мен ашықтығы туралы айтты.

Заң жобасы талқысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 15:12

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Одан әрі Мәжіліс депутаттары Аманжан Жамалов пен Екатерина Смышляева сөз сөйледі.

Аманжан Жамалов салық заңнамасы осыдан 20 жыл бұрын қалыптасқанына  қарамастан, салық жүйесін бірыңғай және тұрақты деп айтуға келмейтінін атап өтті.

2001 жылдан бері Салық кодексі үш рет қабылданды. Қолданыстағы – үшіншісі. Оған 2017 жылдан бастап 34 Заң аясында 707 түзету енгізілді. Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде Кодекстің 47 архивтік редакциясы бар. Яғни, өзгерістер өте жиі енгізіледі. Бірақ салық жүйесі моделінің өзі 2008-2009 жылдардан бері өзгермеген. Депутат Аманжан Жамалов

Осы ретте әділ, тұрақты және болжамды салық саясатын қамтамасыз ету бойынша Президент алға қойған міндеттерді шешу үшін депутат салық бойынша жаңа мөлшерлемелер қабылданған күннен бастап үш жылдан кейін ғана күшіне енетіні туралы норманы Салық кодексінің деңгейінде бекітуді ұсынды.

Сондай-ақ Жамаловтың пікірінше, әр түрлі салаларда әділ салық жүктемесін қамтамасыз ету қажет, сонымен бірге әр түрлі салықтық емес және бюджеттен тыс төлемдерді кодификациялау керек.

Мәжіліс отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 15:12

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Өз сөзінде депутат барлық міндетті салықтық емес төлемдер мен олардың мөлшерлемелері бірыңғай Салық Кодексінде көрсетілуі керектігі туралы ұстанымын жеткізді. Бұл кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін нақты шешім қабылдауына септігін тигізеді.

Сонымен қатар «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі тәуекел деңгейі төмен салық төлеушілерді тексеруден бас тарта отырып, шағын бизнес үшін арнайы салық режимдерін аяғына дейін қарастыруды ұсынды. Салық кодексі тікелей қолданылатын заңға айналуға тиіс екенін атап өтті. Осы орайда депутат 2018 жылдан бері Үкімет пен Қаржы министрлігі тарапынан Салық кодексінің аясында 169 қаулы мен бұйрық қабылданғанын айтты.

Ал Екатерина Смышляева салық саласын цифрландыру бойынша бірқатар тәсілдерді атап берді.

Отырысты қорытындылай келе, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов салық салу мәселесі бойынша мемлекет пен бизнес, ең бастысы халық мүддесі арасында теңгерімді қатаң сақтау фракция міндеті екенін  атап өтті.

Ерлан Қошановтың айтуынша, қазір Үкімет салық саясатының жаңа тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты Мәжіліс спикері күзге дейін бүгін партия алаңында айтылған барлық ұсыныстарды ескеру қажеттігін айтып, оны Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық палата отырыстарының бірінде ашық талқылауды ұсынды.

Заң жобасы талқысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 15:12

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: