ОПЕК+ елдері мұнай өндірісінің қазіргі көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады

30 маусымда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн.баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн. баррельді құрайды.
Бөлісу
0
Толық оқу