ОПЕК+ елдерінің министрлері қазанда тамыздағыдай мұнай көлемін өндіруге келісті
Сурет: pixabay
Бүгін, 5 қыркүйекте ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырысқа Қазақстан атынан энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
Отырыс барысында тамыз айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша тәулігіне 0,1 млн баррельге ұлғайту тек қыркүйек айы үшін ғана болғанын ескере отырып, қазан айындағы өндіру деңгейін тамыз айының деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылданды. Қазақстанның қазан айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript