Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың мәлімет жарияланды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2022 22:34 Сурет: Zakon.kz
Полиция апатқа түскен отбасы қауіпсіздік ережесін бұзғанын айтады. Жеңіл көлікке 10 адам мінгесіп алыпты. Көлік апаты Нұра кентінен 4 шақырым жердегі Жараспай- Нұра тас жолында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 жастағы ауылдасының көлігіне, ерлі- зайыптылар жеті баласымен бірге отырып алып аудан орталығына беттеген. Жолда оларды қарама- қарсы бағыттағы  көлік соққан. Осының салдарынан екі машинаның жүргізушісі де қаза тапты. 25 жастағы жүргізушінің артында екі жас баласы қалды, делінген КТК жаңалықтарында.

Жараспай- Нұра тас жолында 58 жастағы Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып жолдың қарсы бетіне шығып 25 жастағы Golf автокөлігінің жүргізушісімен соқтығысқан. Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жасалды, қортындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қарағанды облыстық ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров

Ал апатқа түскен балалар мен олардың анасы ауыр жарақат алғандықтан санавиациямен облыстық травматология орталығына жеткізілген. Балалар 2,3,5,6,7,8 және  11 жаста.

Дәрігерлердің айтуынша барлығының миы шайқалған, жамбас, қабырға, төс, аяқ- қолдары, жақ, тістері сынып кейбірінің өкпесіне, көздеріне зақым келген. Жағдайлары ауыр. Отағасының ғана жағдайы орташа болғандықтан Нұра аудандық ауруханасында жатыр.

Жапа шеккендердің көбі балалар, жетеуі бала. Біз оларға ота жасадық, алдағы уақытта тағы да операция жасау керек. Оңалу үшін ұзақ уақыт керек. Олар мүгедек болып қалмау үшін мүмкін және мүмкін емес ем- шаралардың барлығын жасап жатырмыз. Үлкендердің салғырттығынан осындай жағдайлар орын алады. Жол қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Облыста қазір жарақат көбейіп кетті. Күніне 502 адам ауруханаға стационарға жатады. Біз тәулік сайын бір адамнан айырылып жатырмыз. Қарағанды облыстық травматология қызметі ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: