Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты тың дерек жарияланды

Жол апаты, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 23:22 Сурет: Zakon.kz
Сайрам ауданындағы "Ақсукент-Қарамұрт" тас жолында болған жол апатынан үш адам қаза тапқаны белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"KIA K5" жүргізушісі артқы доңғалағының бірінің жарылуына байланысты рөлге бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан ол "ЗИЛ 4331" маркалы жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды OTYRAR.

 "KIA K5" маркалы автокөліктің жүргізуші, сондай-ақ ондағы екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Медициналық куәландыру барысында "ЗИЛ 4331" жүк көлігі жүргізушісінің алкоголь ішімдігін тұтынбағаны анықталды.

Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Аталған факт "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта Сайрам аудандық полиция басқармасы жан-жақты тергеу жүргізуде және барлық жағдайлар анықталуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: