Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте LRT қашан салынады – әкім жауап берді

Шымкент, ЛРТ, БРТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 13:49 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мегаполисте баламалы көлік түрлерін, яғни LRT және BRT салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мұрат Айтенов мұндай ұсыныс қаланың бас жоспарына енгізілген өзгертулер аясында жасалғанын айтты.

Барлық сарапшылар балама көлік болуын талап етіп жатыр – бұл LRT және BRT. Қайсысын бірінші салатынымыз қала бюджетінің мүмкіндігіне байланысты. Сондай-ақ инвесторлардың мүмкіндігі мен ұсынысына қарай. Бүгінде қоғамдық көлік толығымен нарықтық экономикаға негізделген.Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов

Мұрат Әйтенов бас жоспар қайта әзірленбейтінін атап өтті. Бар жоспарға өзгерістер ғана енгізіледі.

Қаланың бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Ол кезде Шымкент облыс орталығы болатын. Қазір қалада миллионнан астам адам тұрады. Биылғы жылы халық санының өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізіліп жатыр. Қала тұрғындары ұсыныс білдірсін деп бір ай мерзім бердік. Мамандардың айтуынша, миллионнан астам қалаға баламалы көлік түрі қажет. Қазір LRT және BRT-ның сызбалары дайындалып жатыр. Алдағы уақытта бұл мәселені үкіметпен талқылаймыз. Сондай-ақ LRT салу үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастырамыз. Шымкент қаласының әкімі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: