Жаңалықтар тізбегі
0

Бұршақ, жел, шаңды дауыл: 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет", ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2022 17:15 Сурет: unsplash
Синоптиктер 5 шілдеге Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Сейсенбі күні нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел, шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз Павлодар облысының оңтүстігі, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Қызылорда, Абай облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +13+15°С, күндіз +18+20°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде 13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +26+28°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күші 8-13, екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +29+31°С болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: