Нөсер жаңбыр, шаңды дауыл, бұршақ: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады: жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады. Республика бойынша бұрқасын болып, жел күшейеді. Батыста шаңды дауыл соғады.«Қазгидромет» РМК
Синоптиктердің болжауынша, түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында үсік шалып, күндіз батыста жел күшейеді. Жел екпіні 15-20 м/с, 23 м/с болады.
Күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында жел екпіні 15-22 м/с күшейеді деп болжанды.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында бұршақ жауып, көктайғақ болады. Жел екпіні 17-22 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында бұршақ жауады. Күндіз солтүстік-шығыста жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде жел болады. Оның екпіні 15-20 м/с күшейеді, батыста екпіні 23 м/с болып, шаңды дауылға ұласады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауады. Жел екпіні 15-20 м/с немесе 25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман. Күндіз солтүстікте, батыста жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын. Солтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз оңтүстікте, солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында бұршақ жауады. Жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.