Нөсер жаңбыр, бұршақ және шаңды дауыл: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
Синоптиктер 17-19 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейіп, шаңды дауыл да соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағына Қара теңіз аймағынан келетін циклон еліміздің ауа райын анықтайды.
Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанды: 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 19 мамырда солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.«Қазгидромет» РМК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript