Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

Заңға қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2022 19:58 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң мәтінін Ақорда жариялады.

Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы стрестік активтерді экономикалық айналымға қайтару жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленді. 23 маусымда Сенатта қаралып, талқыланды.

Заң жобасының негізгі мақсаты - стрестік активтердің өтімді нарығын нарықтық негізде дамыту және оларды экономикалық айналымға тарту үшін жағдай жасау.

«Стрестік активтердің 4 тобы бар. Осы орайда төлеу мерзімі 90 күннен асқан кредиттер 870 млрд теңге сомада, қайта құрылымдалған кредиттер 936 млрд теңге сомада, өндіріп алынған мүлік 156 млрд теңге сомада және банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарының активтері 356 млрд теңге сомада қамтылған. Банктердің балансын жұмыс істемейтін кредиттерден мемлекет қаражатын тартпай тазартудың нарықтық тетігін құру маңызды. Бұл тұрғыда стрестік активтердің өтімді нарығын дамыту қажет. Стрестік активтер нарығын құру үшін осы заң жобасы 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: