Тоқаев бәсекелестікті дамыту мәселелері туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев, заң, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2022 13:45 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Заң мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ тауар нарықтарына кіру үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді қысқартуға бағытталады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Ақорданың баспасөз қызметі

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: