Атырауда қатты желдің салдарынан перзентхананың шатыры опырылып түсті
Сурет: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Атырауда қатты желдің салдарынан перзентхананың шатыры опырылды. Зардап шеккендер жоқ. Екі қызметкердің көлігі шатыр астында қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнын Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тексеріп жатыр.
4 шілде күні сағат 20:00 шамасында қатты жел облыстық перинаталдық орталықтың шатырын ұшырып кетті. Атап айтқанда, бес қабатты «Б» корпусының 500 шаршы метр шатыры желдің салдарынан ұшып кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау басқармасы биыл Атырау облыстық перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өтетінін атап өтті. Қазір бастапқы жұмыстар жоспарланып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript