Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жаяу жүргіншілер жолағында жеткіншекті көлік қағып кетті

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 20:30 Сурет: Zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы Катаев көшесінде жаяу жүргіншілер өтуге арналған арнайы жолақта орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 шілде күні сағат 22:30-да «Volvo» автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Pavlodarnews.kz.

Салдарынан жаяу жүргінші облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғаларының барлығы көлік құралдары жүргізушілерінің кінәсінен орын алады. Көбі жол қозғалысы ережелері мен қарапайым қауіпсіздік шараларын елемей, жол ережесін өрескел бұзады. Нәтижесінде мұның бәрі қайғылы жағдайға әкеледі, - дейді департаменттегілер.

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 2010 жылы туған  жасөспірім травматология бөліміне жатқызылғанын хабарлады.

Бас миының жабық жарақаты, оң жақ жамбас буынының көгеруі тіркелді. Толық көлемде ем тағайындалып, бақылауға алынды. Жағдайы орташа  тұрақты деп бағаланады, - дейді басқармадан.

Айта кетерлігі, биылғы жылдың басынан бастап Павлодар қаласының аумағында 124 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 161 адам зардап шекті және алты адам қайтыс болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: