Жаңалықтар тізбегі
0

Ауғанстаннан Нидерландқа: халықаралық есірткі синдикаты жойылды

Ауғанстан, Нидерланд, ҚР ҰҚК, есірткі, есірткі синдикаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2022 13:09 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі халықаралық есірткі синдикатының заңсыз әрекетінің жолын кесуге бағытталған көп сатылы халықаралық операцияны әзірлеп, іске асырды. Бұл қылмыстық топ Таяу Шығыс пен Азия азаматтарынан құралған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, есірткі контрабандасы арнасының бағдары Ауғанстаннан бастау алып, одан әрі Қазақстан аумағы арқылы жүрген, ақырғы баратын жері Нидерланд болған.

Осы топ әрекетінің ауқымды географиясын ескере отырып, ҰҚК Нидерланд Корольдігінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырды. Операцияның табысты іске асырылуына Орталық Азия өңірлік есірткіге қарсы күрес жөніндегі ақпараттық-үйлестіру орталығы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қарқынды түрде жәрдем көрсетуі ықпал етті.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері «бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде халықаралық есірткі синдикатының басты қатысушылары анықталғанын» атап өтті.

Нидерланд аумағында бақыланатын жеткізу барысында курьер ұсталып, одан Ауғанстанда өндірілген 30 килограмм героин тәркіленді.

Бұдан әрі Амстердам қаласының құқық қорғау органдары тінту барысында ірі есірткі плантациясын анықтады.

Сарапшылардың деректері бойынша, жеткізілетін елде алынған есірткі құралдарының құны 2 млн АҚШ доллары болды.

Анықталған фактілер бойынша Нидерланд құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: