Оралда есірткі зертханасының көзі жойылды
Сурет: Zakon.kz
28 қаңтарда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «гидропоника» әдісімен марихуананы өсіру бойынша есірткі зертханасының ұйымдастырушыларын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды.
Заңсыз айналымнан 17 келі марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметіСотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді.
Сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

