Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында альпинист әйел Талғар өзеніне ағып кетті

Алматы облысы, Талғар өзені, өзен, альпинист, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2022 14:48 Сурет: Алматы облысы ТЖД
6 шілде күні кешке Алматы облысы Талғар ауданында қайғылы оқиға болды: әйел адам Талғар өзенінің бойындағы көпірден өтіп бара жатып суға құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 1982 жылы туған турист ағаш көпірден өтіп бара жатып, тепе-теңдікті сақтай алмай, суға құлап, ағыс алып кетті.

Әлеуметтік желілерде әйел Іле ауданында тұратыны және альпинист болғаны жазылды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, іздеу жұмыстарына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Іле-Алатау МҰТП қызметкерлері және еріктілер қатысты.

Алматы облысы ТЖД, Талғар өзені, альпинист, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2022 14:48

Сурет: Алматы облысы ТЖД

7 шілде күні сағат 12.15-те құлаған маңнан 10 шақырым жерде жоғалған әйелдің денесі табылып, судан шығарылды. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: