Алматы облысында ер адамды таудағы өзен суы ағызып әкетті
Сурет: pixabay
Қайғылы оқиға Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында болды. 63 жастағы ер адам Қаскелең тау өзенінің ағына төтеп бере алмай, суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі ер адамның өзен жағасына отбасымен және достарымен демалуға барғанын айтты.
"Ол аздап жүзбек болып суға түскен, бірақ таулы өзеннің ағысы оны ағызып әкетті. Республикалық жедел құтқару жасағы жедел тобы ер адамның мәйітін оқиға болған жерден бір шақырым жерде тауып алып, полицияға тапсырды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript