БАҚ: Синдзо Абэге оқ атқан қаскөй өз кінәсін мойындады
Сурет: Facebook/National Police Agency
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні атып өлтірген бұрынғы әскери адам Тэцуя Ямагами 10 шілдеде, жексенбіде прокуратураға тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Прокуратурада оған ресми түрде кісі өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.
Телеарна сүйенген ақпарат көзінің хабарлауынша, Ямагами жауап алу барысында өз кінәсін мойындаған. Ол бомба жасауға тырысқанын, сонымен қатар бірнеше атыс қаруын әзірлегенін айтқан.
Жапонияның бұрынғы премьер-министріне 8 шілдеде, жұмада қарулы шабуыл жасалды. Жапонияның Жеке қорғаныс күштерінің теңізші болған 41 жастағы Тацуя Ямагами Абэнің артқы жағынан келіп, бытыра мылтықтан оқ атқан.
Синдзо Абэ ауруханада қайтыс болды. Ол өзінің сайлау науқаны аясында ел алдында сөз алған еді. Саясаткер Нара медициналық университетінің ауруханасында көз жұмды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript