Жаңалықтар тізбегі
0

«Қазақстанның үздік тауары» байқауында 100-ге жуық компания өзара бақ сынасады

Байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2022 14:46 Сурет: gov.kz
11 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік байқау-көрмесі өтеді. Оған қатысуға 100-ге жуық астаналық компания өтінім берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәстүрлі түрде үш номинация бойынша үздік тауар өндірушілер таңдалады: "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халыққа арналған үздік тауарлар", "Үздік азық-түлік тауарлары". Әр номинация бойынша үш жеңімпаз анықталады.

Жыл сайын байқаудың қала кәсіпкерлері арасында өзінің танымалдылығын жоғалтпайтыны қуантады. Биыл елордалық компаниялардан 100-ге жуық өтінім келіп түсті. Әлеуетті қатысушылардың арасында өткен жылдардың қатысушылары, тіпті жеңімпаздар, сондай – ақ жаңадан келгендер, мысалы, біздің "Бастау" жобамыздың түлектері бар. Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев

"Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясында трикотаж және тоқылған бұйымдар, аяқ киім, сыртқы және балалар киімдері, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдары, былғарыдан, киізден және ағаштан жасалған бұйымдар, медициналық бұйымдар, жиһаз, полиграфиялық және парфюмерлік-косметикалық өнімдер, сондай-ақ металл пластик өнімдер ұсынылды.

"Үздік азық-түлік тауарлары" номинациясында макарон, шұжық, ет өнімдерін, глютенсіз жартылай фабрикаттарды, ірімшіктерді, балмұздақты, ұнды, нан-тоқаш өнімдерін өндірушілер ұсынылған.

"Үздік өндірістік тауарлар" атағына жарықдиодты, темірбетон өнімдерін, желдетуге арналған сүзгілерді, лифт, эскалатор және траволатор жабдықтарын, пластикалық құбырларды, полиэтилен құбырларын, фитингтерді, құрғақ құрылыс гидрооқшаулағыш қоспаларын, мұнара крандарын, қасбеттік көтергіштерді, скотч пен стрейч-үлдірді, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді, жоғары вольтты жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді шығаратын компаниялар таласқысы келеді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарлары мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын және өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі жақсарту бойынша конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар конкурсқа қатысушы бола алады.

Конкурс дипломанттары "Қазақстанның Үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және дипломдарымен марапатталады. Байқау дипломанттары байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен дәстүрлі түрде өтетін республикалық байқауға қатысады. Бейсен Жолболдиев

Көрме-байқаудың қонақтарын концерттік бағдарлама мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны күтеді. Іс-шара 11 шілдеде сағат 9-дан 18-ге дейін Кенесары көшесі, 32 мекенжайы бойынша Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді.

Айта кетейік, "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауының ұйымдастырушысы елорда әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: