Қан қысымы аппараты және табиғи тас: Алматының үздік тауарлары анықталды
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, азық-түлік өнімдері, ұлттық нақыштағы бұйымдар, киім, аяқкиім, көрпе-жастықтан бастап, кабель, жиһаз, адамның қан қысымы мен жалпы жай-күйін бірден анықтайтын жоғары технологиялық аппараттар қойылды.
Мынадай үш номинация бойынша "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халыққа арналған үздік тауарлар тауарлар", "Үздік азық-түлік тауарлары" үздік тауар өндірушілер анықталды. Жеңімпаздарды жергілікті атқарушы органдар, бизнес-қоғамдастық, кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірік кеңестің мүшелерінен құрылған арнайы комиссия анықтады. Әр номинация бойынша 3 жеңімпаз іріктелді. Өңірлік іріктеудің жеңімпаздары жылдың соңында ҚР Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады.
- Байқау комиссиясының шешімімен "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" номинациясында адамның қан қысымы мен жалпы жай-күйін бірден анықтайтын жоғары технологиялық аппараттарді өндіретін "Meb365" ЖШС, Құбырларларға есеп аспаптары және қосалқы бөлшектерді шығаратын "Қазақстан құбыр жүргізу жүйелері" ЖШС, Керамикалық гранит, табиғи тас өндіретін "City stone" ЖШС үздік атанды.
- "Халыққа арналған үздік тауарлар тауарлар" номинациясында Тұрмыстық химия өнімдерінің кең спектрін өндіретін "Microhim" ЖШС, био тыңайтқыштар, төрт-түлікке арналған биологиялық қоспаларды өндіруші "Black biotechnology" ЖШС, жылу сақтау, оқшаулағыш материалдарды шығаратын "Teplostil" ЖШС топ жарды.
- "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациясында фаст-фуд өнімдерін дайындайтын "Red Dragon Almaty" ЖШС, табиғи шырындар, компот, сусын өндіруші "Шарын шырыны" жеке кәсіпкерлігі, органикалық азық-түлік өнімдерін өндіретін "Organic foods" ЖШС жеңіске жетті.
Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, оңтүстік астана – Қазақстандағы кәсіпкерлік бастаманың орталығы. Қалада өңірлік экономиканың жартысынан астамын (53,9%) құрайтын шағын және орта бизнес дамыған. Онда 871,9 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 79,5%-ы жұмыс істейді.
"Бүгінде шағын және орта бизнес қала экономикасының іргетасы іспетті. Қалада барлығы 380 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъекті тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға жоғары көрсеткіш (312 784 бірлік). Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 323 083 бірлікті құрайды. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 39%-ға жоғары (233 030 бірлік). Республика бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы Алматының үлес салмағының шамамен 16,2% құрайды, сол арқылы осы көрсеткіш бойынша мегаполис жыл сайын Қазақстан бойынша бірінші орынды алады", – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының жетекшісі Берік Солтанбаев.