Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан әзірше Ashyq-ты енгізуді жоспарлап отырған жоқ

коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 14:32 Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны артқанына қарамастан әлі күнге дейін Ashyq қосымшасымен тексеруді енгізу жоспарда жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова маусым айының соңынан бері қалада коронавирус жұқтырғандар санының артуы байқалғанын айтты. Егер бір ай бұрын күніне аз жағдай тіркелсе, кейінгі екі аптада орташа тәуліктік тіркелу 120 жағдайға жетті.

Өткен тәулікте 118 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Бүгінде ауру аз агрессивті. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар жоқ. Қазір стационарда 118 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 11 науқас жансақтау бөлімінде, 338 науқас амбулаторлық емделуде.Сархат Бейсенова

Сархат Бейсенова коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңір эпидемиологиялық қауіпті «сары» аймаққа өткен жағдайда қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдағанын айтты.

Ashyq бағдарламасын енгізу және қалаға кіруге немесе шығуға тыйым салу қарастырылмаған.Сархат Бейсенова

Науқастардың шамамен 70%-ы – коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаннан кейін жеткілікті уақыт өткен және белгілі бір себептермен қайта вакцинацияланбаған адамдар.

Әр адам, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар өз денсаулығына төнетін қауіпті түсінуі керек. Сондықтан адам көп жиналатын жерлерге бармауға, маска тағып, барлық сақтық шарасын сақтауға кеңес беремін. Халық арасында екпе алмаған немесе қайта вакцина салдырмаған адамдар бар екенін ескеріп, топтық иммунитет қалыптастыру үшін вакцинацияның маңызын тағы бір еске саламын.Сархат Бейсенова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: