Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті
31 наурыз күні сағат 09.40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Коронавирус жұқтырудың тағы 17 жағдайы тіркелді: Нұр - Сұлтан -2, Алматыда - 9, Қызылорда облысында - 3, Атырау облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 жағдай.
Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 325 жағдайы расталды, оның ішінде:
Нұр Сұлтан - 175,
Алматы - 82,
Қарағанды облысы - 13,
Атырау облысы - 13,
Ақмола облысы - 10,
Жамбыл облысы - 3,
Шымкент - 2,
Шығыс Қазақстан облысы - 2,
Алматы облысы - 8,
Ақтөбе облысы - 3,
Солтүстік Қазақстан облысы - 2,
Павлодар облысы - 1,
Маңғыстау облысы - 1,
Қызылорда облысы - 8,
Батыс Қазақстан облысы - 2 жағдай.
Елімізде 31 наурызда сағат 0:10 уақытында 308 коронавирус инфекциясы тіркелген еді. Оның ішінде 21 адам сауығып, біреуі қайтыс болды.