Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында инкассаторға шабуыл жасалды

Инкассаторға шабуыл жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 14:59 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында 7 шілдеде төлемдерді төлеу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін терминалдарға қызмет көрсететін екі инкассаторға шабуыл жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бозайғыр ауылында сағат 12.00 шамасында терминалдан ақшаны алып болған соң медициналық бетперде киген белгісіз ер адам инкассаторлар отырған көлікке мініп, оларды мылтыққа ұқсас затпен қорқытып, көлікті қаланың шетіне айдауға мәжбүрлеген. Шабуылшы 14 миллион теңгені иемденген. Ақмола облысының ПД

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Бір тәулікте екі күдікті қамауға алынды. Белгілі болғандай, олар бұрын осы инкассаторлық компанияда жұмыс істеген.

Тергеу барысында күдіктілер ұрланған ақшаны қайда жасырғанын айтып берді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, басқа да тұлғалардың қатыстылығы анықталуда.

Күдіктілер қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: