Елена Рыбакинаны қалың көпшілік әуежайдан бауырсақ және қымызбен қарсы алды

Әуежай Сурет: Zakon.kz
Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакинаны қалың көпшілік Нұр-Сұлтан әуежайында қазақтың ұлттық тағамы - бауырсақ және қымызбен қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлыбританиядан бағыт алған ұшақты әуежайдың VIP терминалында чемпион қыздың ата-анасы, жанкүйерлері және БАҚ өкілдері күтіп отырды.

"Осында келіп, маған қолдау көрсетіп, қолпаштап жатқан барлықтарыңызға алғыс айтқым келеді. Ертең баспасөз мәслихаты болады, барлық сұрақтарға сол кезде қуана-қуана жауап беремін", - деді Рыбакина.

Айта кетсек, 9 шілдеде Рыбакина Уимблдон финалында Тунис теннисшісі Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен ұтып кетті. Осылайша ол өз мансабында алғаш рет "Үлкен дулыға" сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Аллдында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, спортшының мемлекеттен ақшалай сыйақы алуға құқығы жоқ екенін хабарлады.

Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакинаны федерация атынан қаржылай ынталандыру жағы қарастырылған екен, алайда бұл жүлделерден ол бас тартты. Федерациядағылар Рыбакинаның сыйақысын Қазақстандағы қайырымдылық пен жасөспірімдерді қолдауға жұмсағысы келетінін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз