СҚО-да жоғалған келіншек әлеуметтік желінің көмегімен табылды

Әлеуметтік желі Сурет: pixabay
Волонтерлардың көмегімен полиция қызметкерлері қысқа уақыт ішінде есін жоғалтқан әйелді таба алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамлют ауданының тұрғыны жоғалып кеткені туралы тәртіп сақшыларына хабар келіп түсті. Жоғалған әйелдің анасының айтуынша, ол амнезияға шалдыққан, сондықтан өз мекен-жайын еске түсіре алмай, адасуы мүмкін.

Әйелдің Петропавлға кеткені белгілі болды. Волонтерлар әлеуметтік желі арқылы жоғалған әйелдің мәліметтерін таратты. Қала тұрғындарының бірі желідегі әйелдің түр-түсін есте сақтап қалып, оны көшеде көргенде таныған. Ол бұл жайынан бірден полицияны хабардар еткен.

СҚО ПД мәліметінше, жыл басынан бері облыс бойынша хабар-ошарсыз кеткен 15 адам іздестіріліп, бүгіндері оның 11-і табылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз