Ақтөбеде жоғалған жасөспірім табылды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2021 20:59 Pixabay
Оны полиция үш күн бойына таба алмаған, ал төртінші күні жасөспірім өз аяғымен үйіне оралды.

Ақтөбеде хабарсыз кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Ақтөбеде полициясына 22 қыркүйекте 33 жастағы қала тұрғыны 17 жастағы інісінің үйден кетіп қалғанын, бес күннен бері хабар ала алмағанын айтып, көмек сұраған. Кейін полиция қызметкерлері үш күн бойы іздеу жұмысын жүргізді.

"Курстастарынан, таныстарынан сұрадық. Жоғалған адамның белгілері бар бағдарлар патрульдік полиция нарядтарына берілді. Үш күннен кейін 17 жастағы жасөспірім үйіне қайтып оралған. Ол достарының үйіне барғанын, туыстарына ескертуді мүлдем ұмытып кеткенін айтты", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетелік, биыл балалардың жоғалғаны туралы 112 хабарлама түсті. Олардың бәрі аман-есен ата-анасына тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: