Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда уақытша жабылған "барахолка" базары өз жұмысына кірісті

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2020 20:59 видеодан алынды
Атақты базар үш күн бойына жабық болған.

Қордайдағы оқиғадан соң Алматыда уақытша жабылған барахолка базарын тәртіп сақшылары үш күн күзеткен. Әсіресе ұлттық ұлан сарбаздары базарға жақын орналасқан көшелердің әр бұрышында сап түзеп, күзетті күшейткен, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Саудасы қыз-қыз қайнап жататын бұл базардың жабылғанына бүгін үшінші күн. Тіпті алғашқы күні күштік құрылым өкілдерінің қарасы өте көп болған еді. Қазірдің өзінде базар маңында қаз-қатар тұрған полиция мен әскери көліктер жетерлік. Ал ұлттық ұлан сарбаздары тәртіп сақшыларымен бірге жер үй орналасқан аймақты күндіз-түні күзетіп жүр. Сенбі күні барахолкадағы "Байсат", "Барлық", "Ялян", "Рахат", "Барыс", "Алатау", "Болашақ", "Мизам", "Арлан", "Өжет", "Ақ Бұлақ" және "Кенжехан" базарлары уақытша жабылды. Оған Қордайдағы оқиғадан кейін әлдекімдердің базар ішінде бүлік жасауға үндеу тастауы себеп болғаны айтылды. Осылайша қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылған базарлар сейсенбіден бастап әдеттегідей жұмысын жалғастырмақ", - дейді телеарна тілшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: