Бүгін Алматыда "барахолка" базары жабық - министр түсініктемесі

2gis.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2020 18:58 2gis.kz
Қордайдағы жағдайға байланысты сақтық шаралары күшейтілді.

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сенбі күні - 8 ақпанда Алматыдағы "барахолка" базары неге жабылғанын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұны дұрыс түсініңіздер. Түндегі жайтты білесіздер. Әсіресе, "барахолкадағыларды" ұрып-соғуға шақырғандар болды. Соған сәйкес сақтық шаралары күшейтілді, - деп түсіндірді министр.

8 ақпанда таңертең әлеуметтік желіде "барахолка" базарлары бос жатқаны, онда әскери техника мен полиция жүргені түсірілген видео жарияланды. "Бүгін базарға бармай-ақ қойыңыздар, санитарлық-тазалық күнін жариялапты" деп жазылған видео астына.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: