Жаңалықтар тізбегі
0

ҰБТ-та шекті балл жинай алмаған жағдайда, ЖОО-ға қалай түсуге болады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҰБТ, Жоғары оқу орны, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2022 15:01 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинай алмаған талапкерлер бағын қайта сынап, жоғары оқу орнына түсе алады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Ведомство маусым айында өткен ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар тамыз айында тағы тест тапсыруға болатынын еске салды. Бірақ ол сынақтың нәтижесімен тек ақылы оқу түріне түсуге болады.

Тамыздағы ҰБТ-ға мектептің биылғы және өткен жылғы түлектері, колледж түлектері мен шетелдік оқу орындарында білім алғандар қатыса алады, – деп жауап қатты Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер.

Тамыздағы ҰБТ ақылы, құны 4230 теңге болады. Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. Оған Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы тіркелуге болады.

Түлек бар мүмкіндігін пайдаланып, шекті балл жинай алмаса да, қалаған мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсе алады.

Онда ЖОО-ға шартты түрде қабылданады, өйткені түлек бір жыл ішінде сол университетте оқуға лайық екенін дәлелдеу үшін ҰБТ-ны қайта тапсыруы қажет, – деді министрліктегілер.

Ведомствода қорытындысы жойылған талапкерлерге де ЖОО-ға шартты түрде түсуге мүмкіндік берілетінін түсіндірді. Бұл мүмкіндік түлектерге ҰБТ-ны қайта тапсыру және қатарластарымен бірге оқуға кірісу үшін бір жыл бойы жоғалтпауға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: