Жаңалықтар тізбегі
0

Қанша қазақстандық ҰБТ-да шекті балл жинай алмады

Қанша қазақстандық ҰБТ-да шекті балл жинай алмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 16:20 Сурет: ноутбук
2024 жылғы 7 маусымда ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық нәтижелері туралы айтылды. Белгілі болғандай, талапкерлер "оқу сауаттылығы" пәнін жақсы тапсырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 114 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде талапкерлердің74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 110адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 75% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады. Ең жоғары балл – 138, оны Түркістан облысының талапкері жинады.

Сондай-ақ, мамандар тестілеу аяқталғаннан кейін әр талапкер қандай тақырыптар бойынша қателіктер жібергенін көрсететін жеке тақырыптық талдау алатынын атап көрсетеді.

"Үш аптаның қорытындысы бойынша "Оқу сауаттылығы" пәнін ең жақсы тапсырды. Орташа есеппен, сұрақтардың 75%-ына дұрыс жауап берілген. Ал "Физиканы" тапсырған талапкерлер тек 36% тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін "Механикалық толқындар" тақырыбы қиын болды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері бойынша тек сандар емес, сонымен қатар тақырыптар бойынша егжей-тегжей талдау да қолжетімді", деп хабарлады ведомтво.

Бүгінгі таңда 207 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 152 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 50 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесеережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: