Наурызда қанша абитуриент ҰБТ тапсырды
Сурет: Zakon.kz
Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық қорытындысын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылы 26 наурызда жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, наурыз айында ҰБТ басталғаннан бері 82 мыңға жуық адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің:
- 74,2%-ы - қазақ тілінде,
- 25,7%-ы - орыс тілінде,
- 81 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 73%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады.
Тестке қатысушылардың басым бөлігі "Математика-Физика" және "Биология-Химия" комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17%-дан тапсырды. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12% таңдаған "Математика-Информатика" комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 103 адам тапсырған.
"Үш аптаның қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 137. Жалпы, еліміз бойынша 59 тестке қатысушы 130 балдан жоғары жинады. Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі". ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript