Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысы: талапкерлердің 71%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде тапсырды
Фото: Национальный центр тестирования
Негізгі ҰБТ 10 мамырда басталды.
"2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 92 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 71%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде және 164 адам ағылшын тілінде тапсырды. Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 63 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл",- делінген ақпаратта.
Ведомство ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.
ҰБТ-ға ЕБҚ бар 235 талапкер қатысты.
Министрлік талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар екенін еске салды.
Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ-ны өткізудің екінші аптасында 178 ереже бұзушылық анықталды.
- 103 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Т
- тағы 75 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды.
Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі.
Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Айта кетейік, министрлік мәліметінше, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.