Жаңалықтар тізбегі
0

Үшаралда әуежай пайдалануға берілгелі жатыр

Жолаушылар тасымалы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2022 23:06 Сурет: primeminister.kz
Жетісу облысындағы Үшарал әуежайы шілде айының соңғы он күндігінде пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Ұшу-қону алаңын жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір нысан қоршалып жатыр. Әуежай осы айдың соңында ұшақ қабылдай бастайды, делінген "Хабар-24" хабарламасында.

Жетісудың інжу-маржаны саналатын Алакөлге жазғы шомылу маусымы кезінде күніне 8 рет ұшақ қатынайды.

Әуе кемелері «Нұр Сұлтан – Үшарал», «Алматы – Үшарал», «Талдықорған – Үшарал», «Алматы – Үшарал – Зайсан» бағыты бойынша жолаушы тасымалдайды.

Осылайша Алакөл жағалауына күніне 500 адамның әуе жолдары арқылы келіп кетуіне мүмкіндік жасалып отыр

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: