Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Бағдат Мусиннің Ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмысына қанағаттанбайтынын айтты

Бағдат Мусин, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2022 13:03 Сурет: primeminister.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, цифрландыру ісі баяу, тіпті нашар жүргізіліп жатыр. Тоқаев министрге ескерту жасап, премьер-министрді ұятқа қалдырып отырғанын айтты.

Үкімет Ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауға тиіс. Цифрландыру ісі баяу жүргізіліп жатыр. Меніңше, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған «Зерде» ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде премьер-министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Тоқаев қант мәселесіне байланысты Сұлтанов пен Қарашүкеевке сөгіс жариялады. Сонымен қатар президент киіктерді атуға рұқсат бергені үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: