Елімізде жеңілдетілген санат бойынша грант конкурсына кімдер қатыса алады

талапкер, абитуриент Сурет: akorda.kz
Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстанда жеңілдетілген санат бойынша грант конкурсына қатысушыларға арнап ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы квоталар мөлшері:

  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;

  • I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;

  • жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;

  • ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ түсушілерге (қандастар) – 4%;

  • кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы түсушілер үшін – 5%;

  • кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;

  • бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1%.

  • Ауыл квотасы – 35%.

Жеңілдігі бар оқуға түсушілер керек анықтамаларды құзыретті органдардан алады. Бірақ ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады. Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғарғы оқу орындарының қабылдау комиссиясына жүгіне аласыз, – делінген Ұлттық тестілеу орталығының Instagram-дағы парақшасында таратқан аөпаратта.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз